Атырау, 30 маусым 05:21
 дождьВ Атырау +15.9
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

Пентагон: Ирактағы ИМ-нің химиялық қару жасайтын нысаны жойылды

1 687 рет қаралды

Фото: ReutersПентагон АҚШ әуе күштері Ирактағы "химиялық қарудың негізгі бөлігін" жойғанын хабарлады. АҚШ әскерилері Мосул маңындағы бұрынғы фармацевтикалық мекеменің ғимаратын бомбалаған,- деп хабарлады Азаттық.

АҚШ әуе күштерінің өкілі, генерал-лейтенат Джеффри Хэрриджин журналистерге бомбалау нысаны "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына тиесілі екенін, онда хлор мен қыша газының көп мөлшері болғанын айтқан.

Пентагон әуе шабуылы кезінде ИМ-нің баспасөз хатшысы Абу Мохаммед әл-Аднанидің де мерт болғаны туралы да ақпарат таратты.

12 қыркүйекте жасалған әуе шабуылына 12 ұшақ қатысып, 50 жуық нысанды жойған.

Дереккөз: Аzattyq.org

14 қыркүйек 2016, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.