Атырау, 27 қараша 09:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ депутаттары Ресейге санкция салуды талап етті

1 977 просмотра

Фото: Global Look PressАҚШ-тың Демократиялық және Республикалық партияларының депутаттары президент Барак Обамадан Ресейге хакерлік шабуылдар үшін кезекті санкциялар салуды ұсынды,- деп хабарлады Азаттық.

"АҚШ президентіне хакерлік шабуылдарға жауап қайтаруға мүмкіндік берілген. Егер Ресей АҚШ-тың ішкі ұйымдарына, мемлекеттік мекемелеріне, сайлауалды кампанияларының жұмысына кедергі келтірсе президент әкімшілігінің экономикалық санкциялар арқылы жауап қайтаруға толық құқығы бар" деді демократ Адам Шифф.

Республикалық партияның ішкі қауіпсіздік комитетінің өкілі Майкл Маколтың айтуынша, ресейлік хакерлер Демократиялық және Республикалық партияның серверлеріне шабуыл жасаған.

Бірнеше депутат Барак Обаманың ресейлік хакерлерге жауап қайтармай отырғанына наразылық танытқан.

Ал президент әкімшілігі АҚШ Ресейге жаңа экономикалық санкциялар салса Сирия мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға кедергі келтіреді деп қауіптенеді.

Дереккөз: Аzattyq.org

16 қыркүйек 2016, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.