Ресей Президенті Владимир Путин 18 қыркүйек күні өткен парламенттік сайлауда «Біртұтас Ресей» партиясының жеңіске жеткенін мәлімдеді,- деп хабарлады Қазақпарат.
Бұл туралы Ресей Жаңалықтары агенттігі хабарлауда.
«Халықтың тұрмысы аса жақсы емес екенін білеміз, проблемалар да, шешілмеген түйіткілдер де жеткілікті. Дегенмен де, нәтиже осылай болып отыр. Бірақ қазірдің өзінде түсінікті және exit poll-да бәрі түсінікті. Аздаған ауытқушылықтар бар. Дегенмен, Дмитрий Анатольевич партия өте жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін, жеңіске жеткенін айтуға болатынын хабарлады», - деп атап өтті В.Путин аталмыш партия штабында.
«Қиын, ауыр, бірақ адамдар бәрібір «Біртұтас Ресейге» дауыс берді», - деп қосты ол.
Еске сала кетейік, 18 қыркүйек күні Ресейде Мемлекеттік думаға сайлау өтті.
РФ Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, «Біртұтас Ресей» сайлаушылардың 45 пайызға жуық дауысын, Либералдық-демократиялық партиясы - 18,39, Ресей Федерациясының коммунистік партиясы - 17,24 дауысын жинады. «Әділетті Ресей» 6,24 пайыз жинап, төртінші орынға, «Ресей коммунистері» 2,91 пайызбен бесінші орынға жайғасты.
Дереккөз: Іnform.kz