Фото: ТАССРесей қорғаныс министрі Сергей Шойгу АҚШ пен оның Батыстағы одақтастарын «Босния мен Косоводан бастап, Ирак пен Ливиямен аяқталатын» әлемдік тәртіп тұғырларын бұзды деп айыптады,- деп хабарлады Азаттық. Шойгу мұндай мәлімдемесін АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картердің Мәскеуді «халықаралық тәртіп принциптерін әлсіретуге ұмтылысын» айтып айыптағанынан соң жасаған.
Өткен аптада Пентагон басшысы Ресейдің Украина мен Сирияда және киберкеңістікте «кәсіби емес мінез» танытып отырғанын айтқан болатын. Шойгу өз жауабында «халықаралық тәртіпті американдық тәртіппен шатастырмауға» шақырған. Сонымен бірге Шойгу халықаралық тәртіп «Пентагонның ғана емес бүкіл әлемдік қауымдастықтың дәргейі» деп қосқан. «Американ әріптестеріміз мұны неғұрлым тез түсініп, өзгерген сайын қордалаған қайшылықтар соғырлым жылдам шешіле бастайды», - дейді ресейлік қорғаныс министрлігінің жетекшісі.
Дереккөз: Аzattyq.org