Атырау, 8 қазан 12:10
 дождьВ Атырау +16.4
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Алматыда көлік тротуардағы төрт баланы қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалады

107 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Алматы облысының Көксай ауылында жол талғамайтын көлік тротуарда келе жатқан төрт жасөспірімді қағып кетті. Жүргізуші оқиға орнынан бой тасалағанымен, құқық қорғаушылар оның жеке басын жедел анықтап, ұстады, деп хабарлайды КТК.

Оқиға жол талғамайтын көлік жүргізушісінің жолда пайда болған кептелісті айналып өтуге тырысуы салдарынан болған. Маневр басқа жеңіл автокөлікпен соқтығысумен аяқталды. Тәртіп бұзушы тоқтамастан тротуарға шығып кеткен, ол жерде сол сәтте төрт кәмелетке толмаған бала өтіп бара жатқан еді.

Көлік қағу салдарынан екі бала дене жарақатын алып, қатты күйзеліске түсті. Дәрігерлер зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апат кезінде жүргізуші алкогольдік мас күйде болған. Жол-көлік оқиғасы және оқиға орнынан кетіп қалғаны үшін полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.