Атырау, 27 қараша 09:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

WADA Рио Олимпиадасының медалистеріне допингке лицензия берген

2 344 просмотра

Хакерлер допингке қарсы ADAMS жүйесін бұзып, спортшылардың жеке медициналық мәліметтерін қолға түсірді. Онда бірнеше америкалық спортшының тыйым салынған препараттарды қолданғаны тайға таңба басқандай анық жазылған. Өтірігі ортаға шыққан Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) «атлеттер бұл препараттарды тек терапия мақсатында пайдаланады» деп ақталып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.

«Рио Олимпиадасының медалистері әсері мықты тыйым салынған препараттарды тұрақты түрде қолданып келген. WADA терапия мақсатында пайдалану үшін ресми түрде рұқсат беріпті. Басқаша айтсақ, спортшылар допингке лицензия алған», - деп жазады өздерін Fancy Bear деп таныстырған хакерлер.

Хакерлер гимнаст Симона Байлз, баскетболшы Елена Делле Донн, сондай-ақ апалы-сіңлі теннисшілер Винус пмен Серена Уильямстердің құжаттарын жария еткен.

Мұның ізін ала АҚШ Ұлттық гимнастика федерациясы мәлімдеме жасады. Федерация Байлз Американың антидопингтік агенттігі мен ВАДА-ға тыйым салынған препараттарды денсаулығына байланысты қолданатынын растайтын құжаттарды көрсеткенін хабарлаған.

Спортшының өзі де препараттарды бала кезден ем үшін қабылдайтынын мәлімдеді.

WADA хакерлік шабуылға Ресейді кінәлап отыр. Алайда Владимир Путинің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік биліктің жүйені бұзуға еш қатысы жоқ екенін шегелеп айтты.

Спортшының денсаулығын алдыңғы қатарға қойып отырған WADA кей жағдайларда атлеттерге түрлі препараттарды қолдануға рұқсат берілетінін мойындады.

«Егер тыйым салынған препарат спортшыға ем үшін қажет болса, онда оған рұқсат етіледі. Бұл «терапия мақсатында қолдану» деп аталады», - делінген агенттіктің ережелерінде.

Сондай-ақ Fancy Bears хакерлік тобы мәліметтер базасынан алған құжаттардың екінші бөлігін жариялады. WADA бұл құжаттардың түпнұсқа екендігін растады. Жаңа тізімде биылғы Рио Олимпиадасының 14 медалисі бар, деп жазады ТАСС.

Дереккөз: BNews.kz

15 қыркүйек 2016, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.