Фото: merhabahaber.com
Иранның рухани көшбасшы А.Хаменейдің пәтуасына сүйенген Ирандықтар Кербалаға барып қажы атанатындықтарына сенуде, - деп хабарлайды Аbai.kz сайты maturidi.kz-ке сілтеме жасап.
Иран Ислам мемлекеті мен Сауд Арабиясының арасындағы өткен жылғы қажылық маусымындағы келеңсіз оқиғадан кейінгі келіспеушіліктің салдарынан Иранның рухани көшбасшы А.Хаменей қажылық үшін Меккедегі Қағбаға емес, Кербалаға баруға пәтуа берді.
Осы пәтуаға сүйенген мыңдаған ирандықтар Саудияға емес, Кербалаға барып, қажылық рәсімдерін атқаруда. Еске сала кетейік, 2015 жылғы қажылықта жан тапсырған 2 мың 246 адамның 464-і парсылар екен.
Дереккөз: Аbai.kz