Атырау, 27 қараша 09:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түркменстан газ, су, жарыққа жеңілдіктерді алып тастауды ұсынды

5 233 просмотра

Түркменстан ақсақалдар кеңесі елде газ, электр және суды тегін пайдалану жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды. Кеңес мүшелері бұл ұсынысты ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысқан жиында айтты,- деп хабарлады Азаттық.

Олар "халықтың жағдайы жақсарған және газ, су және жарық ақысын төлеуге шамалары жетеді" деген пікірде. Ал Түркменстан президенті "бұл мәселені терең ойланып шешу керектігін" айтып, үкіметке тапсырма берді.

Осы аптаның басында Түркменстан конституциясына өзгерістер енгізіліп, президент өкілеттілігі бес жылдан жеті жылға ұзартылған.

Дереккөз: Аzattyq.org

16 қыркүйек 2016, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.