Атырау, 27 қараша 09:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мигранттарды сабағандарға сот шешімі шықты

2 217 просмотра

Фото: ReutersСот Мәскеу және Мәскеу маңының алты тұрғынын 2015-жылдың ақпанында пойыз бен платформаларда мигранттарды соққыға жықты деген айыппен кінәлі деп тауып, бас бостандығынан айырды. Ресейдің тергеу комитетінің хабарлауынша, жастарға «экстремизмге шақыру», «бұзақылық», «өлімге әкеп соқтырған адам денесіне жарақат салу» баптары бойынша екі жарым жылдан төрт жылға дейін түрме жазасы кесілген,- деп хабарлады Азаттық.

Тергеу деректері бойынша, 2015-жылы 17 жасар бозбала ұжымдық чатта 14-ақпан күні электричкалар мен Мәскеу маңы метро станцияларында «түрі словян нәсіліне келмейтіндерді» соққыға жығуды мақсат тұтқан «ақ вагон» деп атаған шара өткізуге шақырған. Осыдан кейін бірнеше жас Курск бағытындағы «Силикатная» және «Чехов» станцияларына барып үш адамды соққыға жыққан. Олардың бірі соққы жарақаттарынан көз жұмған.

Дереккөз: Аzattyq.org

13 қыркүйек 2016, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.