Атырау, 27 желтоқсан 20:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Чеферин - УЕФА президенті

2 066 рет қаралды

Фото: ReutersСловениялық Александер Чеферин (суретте) Еуропа футбол қауымдастығының (УЕФА) президенті болып тағайындалды,- деп хабарлады Азаттық УЕФА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол бұған дейін Словения футбол федерациясын басқарған.

Чеферин Грекияда өтіп жатқан УЕФА-ның конгресінде өткен сайлауда жеңіске жетті. УЕФА-ға мүше 55 елдің 42-сі Чеферинге дауыс берген. Чефериннен бөлек президенттікке голландиялық Михаэль Ван Прааг түскен.

УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платини бүгін қызметінен ресми түрде кеткенін мәлімдеді. Платини 2011 жылы ФИФА президенті Зепп Блаттерден заңсыз түрде 1,8 млн доллар сыйақы алды деп айыпталған.

Дереккөз: Аzattyq.org

14 қыркүйек 2016, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.