Сирияда бүгіннен бастап оқ атпау тәртібі күшіне енді. Оған 600-ден астам елді мекен қосылған,- деп хабарлады 24.kz.
48 сағаттық бітім Құрбан айт мерекесіне орайластырылып отыр. Соның арқасында халықаралық ұйымдар әскери іс-қимылдардан жапа шеккен өңір тұрғындарына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізе алады.
Естеріңізде болса, өткен аптада Женевадағы басқосу кезінде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сириядағы бейбіт бітімге қатысты құжат мақұлдаған болатын. Ол елдегі әскери іс-қимылдарды тоқтатып, саяси үдерісті қолдауға бағытталған.
Дереккөз: 24.kz