Атырау, 27 қараша 09:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түркияда жарылыстан зардап шеккендер саны 48-ге жетті

2 626 просмотра

Түркияның Ван шаһарында дүйсенбі күні таңертең орын алған жарылыстан жараланғандар саны 48-ге жетті,- деп хабарлады Қазақпарат.

Екі адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Осыған дейін 11 адамның жарақат алғаны хабарланған болатын. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметінен жазуда.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, жарылғыш зат салынған көлік биліктің Әділет және даму партиясының аймақтық кеңсесінің жанында жарылған. Оқиға орын алған маңайда полиция бөлімшесі де орналасқан. Жарақат алғандардың ішінде екі полиция қызметкері бар.

Әзіге терактінің артында кім тұрғаны белгісіз. Бірер күн бұрын Түркия билігі күрдтер орналасқан 28 ауданның басшылығын қызметтерінен алған. Жұмыстан қуылған шенеуніктер Күрдістан жұмысшылар партиясымен байланысы бар деп айыпталды. Аталған партияны Анкара мен бірқатар Батыс елдері террористік ұйым деп есептейді.

Бұл өзгерістер күрд халқының наразылығын туғызған.

Соңғы айларда Түркияның оңтүстік-шығысында жарылыстар жиі орын алуда. Ел билігі жарылыстарды Күрдістан жұмысшылар партиясы жасап отыр деп санайды.

Дереккөз: Іnform.kz

13 қыркүйек 2016, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.