Атырау, 27 қараша 11:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Кабулде шабуылдан 14 адам мерт болды

2 472 просмотра

Кабулдегі шабуыл жасалған Карт-е Шахи мазары. Фото: AFPКабулде қарулы адам шииттердің Ашура діни мерекесі қарсаңында қаладағы ең ірі мазарлардың біріне зияратқа жиналған адамдарға оқ атып, 14 адам қаза тапты. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Седик Седдики Азаттықтың Ауған редакциясына 11 қазанда Карт-е Шахи мазарында болған шабуылдан кем дегенде 36 адам жараланғанын айтты. Мерт болғандардың 13-і - бейбіт тұрғындар, біреуі - полиция қызметкері,- деп хабарлады Азаттық.

Кабул полициясының бастығы Рахман Рахимидің айтуына қарағанда, шабуылды бір адам жасаған, кейінірек қауіпсіздік қызметкерлері оның көзін жойған.

Әзірге шабуылдың жауапкершілігін ешбір топ мойнына алған жоқ. "Талибан" қозғалысының ресми өкілі Забиулла Муджахид шабуылға ұйымның қатысы жоғын хабарлады.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани шабуыл құрбандарының туыстарына көңіл айтып, шабуылды "адамзатқа қарсы қылмыстың көрінісі" деп айыптады.

Дереккөз: Аzattyq.org

12 қазан 2016, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.