Атырау, 23 сәуір 18:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14

ҰҚШҰ террористік ұйымдардың бірыңғай тізімін жасамақ

1 444 рет қаралды

Фото: ИзвестияҰжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ереванда өтетін саммит барысында террористік ұйымдардың бірыңғай тізімін жасау мәселесін талқыға салмақ,- деп хабарлады «Мир» телеарнасына берген экслюзивті сұхбатында ұйымның Бас хатшысы Николай Бордюжа (суретте).

ҰҚШҰ басшысы бұл жобаның өзге халықаралық ұйымдардың ешқайсысында жоқ екендігін жеткізді.

«Біз мүлдем жаңа жобаны ұсынғалы отырмыз – ол ҰҚШҰ террористік ұйымдарының бірыңғай тізімі. Біз оның тетіктерінің барлығын жасадық. Айта кететін мәселе – халықаралық құрылымдардың бірде-бірінде ұйымға мүше елдердің барлығында мойындалатын террористік ұйымдардың тізімі жоқ. Біз бірінші болып осы тетікті іске қостық. Біз оны келістік, енді, оны мемлекет басшыларының бекітуіне ұсынамыз»,-деді ол.

Дереккөз: Baq.kz

14 қазан 2016, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.