Фото: ReutersАлматы. 7 қазан. ҚазТАГ – Норвегияның Нобель комитетінің шешімімен 2016 жылдың бейбітшілік сыйлығы «елдегі жарты ғасырдан астам уақытқа созылған азаматтық соғысты тоқтатуға күш салғаны» үшін Колумбия президенті Хуан Сантосқа (суретте) тапсырылды, деп хабарлады ресейлік БАҚ.
«Нобель бейбітшілік сыйлығының 97-ші иегері 2010 жылдан бері Колумбия президенті болып келе жатқан Хуан Мануэль Сантос болды. Бұл туралы бүгін Ослодағы Норвегияның Нобель комитетінен хабарлады. Комитеттің баспасөз парақшасында хабарланғандай, сыйлық оның «елдегі жарты ғасырдан астам уақытқа созылған азаматтық соғысты тоқтатуға бар күшін салғаны» үшін тапсырылған», - деп жазады жұма күні РБК.
Басылым еске салғандай, 26 қыркүйекте М.Сантос үкіметі FARC тобымен атысты тоқтату туралы шартқа қол қойған. Азаматтық соғыс елде ресми түрде 1964 жылдан бері жалғасып келеді, алайда оның тамыры 1940 жылдары басталған либералдар, консерваторлар мен коммунистік күштер арасындағы қиян-кескі ұрыстан бастау алады.
Құқықтық орталық күштерінің өкілі М.Сантос алғашында партизандармен күрестің күшейгенін жариялаған еді, алайда 2012 жылы оның үкіметі FARC-пен алдын-ала келіссөздердің басталғаны туралы жария етті. 2016 жылдың тамызында тараптар уақытша бітім жасады, ал қыркүйектің соңында соғысты толығымен тоқтату туралы келісті. Алайда 2 қазанда өткен референдумда колумбиялықтардың 50,2%-ы көтерілісшілермен бітірмегшілікке қарсылықтарын білдірген. 2012 жылғы жағдай бойынша 218 мың адам жарты ғасырлық соғыс құрбаны болса керек.
Дереккөз: ҚазТАГ