Атырау, 27 қараша 11:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Киев Украинаның ТМД-дан шығу мәселесін зерделеуде

2 117 просмотра

Киев өзінің ТМД-ға мүшелігін тоқтату туралы мәселені қарастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай мәлімдемені жексенбі күні "112 Украина" телеарнасында Украина Сыртқы істер министрі Павел Климкин жасады.

2014 жылдың ақпанында Украина билігі ауысқаннан кейін жаңа басшылық ТМД жұмысына қатысудан бас тарту ниеті туралы мәлімдеме жасаған болатын. Кейінірек Киев аталмыш ұйымның атқарушы комитетінен өз өкілі Анатолий Дроньды қайтарып алды.

«Біз шығу мәселесін (ред. - ТМД-дан) қарастырып жатырмыз. Бізде дипломдардың өзара танылуы, зейнетақылардың төленуі секілді бірнеше ондаған келісім бар. Қазір бұл келісімдерді реттеуге мүмкіндік беретін жұмыстарды аяқтау үстіндеміз. Мен ТМД-дан шығуды қолдаушылардың бірімін», - деді министр.

2015 жылғы сәуір айының ортасында Климкин елдің Достастықтан шығуын орынсыз деп атаған болатын. Кейін Беларусь Президенті Александр Лукашенко Украинаның ТМД-дан шығуы екі-талай екендігін мәлім етті. Бірақ аталмыш ел өзінің ұйымға қатысуын және ортақ бюджетті қаржыландыруын тоқтатқаны шындық.

Дереккөз: Іnform.kz

10 қазан 2016, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.