Атырау, 28 желтоқсан 02:55
 қар жаууы ықтималВ Атырау -1
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Түркияда жарылыс болды: 17 адам қаза тапты

3 353 рет қаралды

Түркияның Хаккари провинциясы Шемдинли ауданындағы жандармерия күзет орны маңындағы миналанған көлікте болған жарылыстан кем дегенде 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Осыған дейін Түркия қарулы күштерінің бас штабындағылар сегіз адамның қаза тауып, тағы бес әскеридің зардап шеккенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ, Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмыс партиясындағылар осы жарылысты ұйымдастырды деген күдіктің болғаны айтылды.

"Шемдинлиде болған жарылыстың салдарынан 17 адам қаза тапты, олардың тоғызы - әскерилер. Олардан басқа тағы 27 адам зардап шекті", - деп мәлімдеді Топрак телеарнаға берген сұхбатында.

Дереккөз: Tengrinews.kz

10 қазан 2016, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.