Фото: unian.netГрузияның биліктегі "Грузия арманы" партиясы парламент сайлауында жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне қарағанда, бюллетендердің түгелге жуығын санағандағы есеп бойынша "Грузия арманы" 48,6 пайыз дауыс, оппозицияшыл "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясы 27 пайыз дауыс жинаған. Бұл нәтиже партиялық тізім бойынша бөлінетін 150 депутаттық мандаттың 77-сін анықтайды. Қалған 73 депутат бір мандатты округтерде анықталады,- деп хабарлады Азаттық.
Грузияның сайлауалды заңдарының күрделі болуынан парламенттің толық құрамы келесі айдың соңында ғана белгілі болып, жасақталады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлауға дауыс беру құқығы бар сайлаушылардың 51 пайызы қатысқан.
Халықаралық бақылаушылар сайлау процесін жақсы ұйымдастырылған деп, дауыс беру кезінде барлық фундаменталдық еркіндіктер мен теңдей бәсеке болғанын мәлімдеді. Дегенмен бақылаушылар сайлау барысында сайлауалды кампаниясында заңсыз тәсілдер жасалып, күштеу оқиғалары болғаны туралы шағымдар түскенін айтады.
Дереккөз: Аzattyq.org