2016 жылы әдебиет үшін Нобель сыйлығы "ұлы америкалық ән дәстүрінде жаңа поэтикалық сөз өрнектерін салған" белгілі америкалық музыкант Боб Диланға бұйырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап. Бұл туралы бейсенбі күні Стокгольмде сыйлықты тағайындауға жауапты Швед академиясы мәлімдеді.
Әдебиет үшін сыйлық XIX ғасыр соңында шведтік кәсіпкер әрі өнертапқыш Альфред Нобель мұра етіп қалдырған бес сыйлықтың бірі. Сыйлықты табыстау рәсімі дәстүр бойынша 10 желтоқсан Альфред Нобельдің көз жұмған күні Стокгольмде өтеді. 2016 жылы әр сыйлықтың құны 8 миллион швед кронын (932 мың АҚШ долларын) құрап отыр.
Швед академиясының негізін 1786 жылы король Густав III франциялық академияның үлгісінде, швед тілі мен әдебиетін қолдау үшін негізін салған. Академия құрамында - академияның тұрақты мүшелерінің дауыс беруі арқылы өмір бойына сайланатын 18 мүшесі бар.
Дереккөз: Tengrinews.kz