Атырау, 17 мамыр 08:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Ресейде Борис Немцовты еске алу акциялары өтті

2 307 просмотра

Фото: gazeta.ruРесейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцов (суретте) тірі болғанда 57 жасқа толар еді. Мәскеуде саясаткер қастандықпен өлтірілген көпір мен Троекуровск зиратындағы қабіріне кеше ондаған адам гүл апарып қойды,- деп хабарлады Азаттық.

Немцовты еске алу акциясы Нижний Новгород қаласында да өтті. Ресейдің тағы бірнеше қаласында оппозиционер туралы деректі фильмдер көрсетіліп жатыр. Берлинде бүгін Борис Немцов қоры ұйымдастырған екі күндік форум ашылады.

Борис Немцов 2015 жылы ақпанның 28-іне қараған түні Кремльге жақын жерде атып өлтірілді. Бұл іс бойынша Заур Дадаев, Шадид және Анзор Губашевтер, Темірлан Эскерханов пен Хамзат Бахаев ұсталған. Тергеушілер қылмысты ұйымдастырушы ретінде Шешенстан ішкі істер министрлігінің «Север» батальонының бұрынға офицері Руслан Мухудиновты атайды. Ал саясаткерді өлтіруге тапсырыс бергендер –«аты-жөні анықталмаған» белгісіз біреулер делінеді.

Борис Немцовтың отбасы мүшелері мер серіктері тергеу барысына наразылық білдірген. Олар қылмыстық іс бойынша Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтан жауап алуды және істі «Мемлекеттік немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау» бабы бойынша қарауды талап еткен.

Дереккөз: Аzattyq.org

10 қазан 2016, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.