Атырау, 17 мамыр 10:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Африка елдері «Боко харамға» қарсы шешуші шабуылға әзірлік үстінде

3 838 просмотра

Фото: РИА НовостиАфрика елдері Чад көлі аумағында "Боко харам" радикалды тобына шешуші шабуылдар жасауға дайындалуда,- деп хабарлады Қазақпарат.

Бұл туралы Нигер қорғаныс министрі Хасуми Масуду мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Ниамеда Нигерия, Нигер, Чад, Камерун және Бенин әскер күштерінің басшыларымен кездесті.

Әскери басшылар "Боко харамның" тылдық базалары орналасқан аудандарында Нигер, Чад және Нигерия әскери құрылымдары шілде айынан бастап жүргізген әскери әрекеттерін талқылады.

"Бұл шаралар нәтижесінде содырлардың бақылауында болған бірнеше елді мекен босатылды, сонымен қатар содырлардың материалдық-техникалық каналдарын бұзуға мүмкіндік берді ", - деп хабарлады Масуду.

Нигерия, Нигер, Чад, Камерун және Бенин Чад көлі аймақтарында лаңкестік қатерді жою үшін Аралас көпұлтты күштердің контингентін құрды. Оларды құру шешімі 2015 жылы қаңтарда Аддис-Абебте өткен Африкалық одақ саммиті кезінде қабылданды.

Дереккөз: Іnform.kz

14 қазан 2016, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.