Атырау, 27 қараша 11:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Консультациясы үшін жылына $6,3 млн ақы алған Тони Блэр Назарбаевтың кеңесшісі болғаны үшін өкініш білдіреді – БАҚ

1 797 просмотра

Алматы. 10 қазан. ҚазТАГ – Британияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болғаны үшін өкініш білдіреді, деп жазады шетелдік БАҚ-тар.

Мысалы, британиялық The Telegraph газеті Т. Блэр «Ұлыбританияның «бір партиялық мемлекетке» айналып кету «қасыретінен» құтқару үшін» үлкен саясатқа қайта оралуы мүмкіндігін танытқаны туралы жазады. Ол сондай-ақ Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып қызмет атқарғанына да өкініш білдіргені туралы айтыпты.

Британиялық Financial Times газеті де осы тақырыпқа мақала жариялапты.

«Блэр мырза Esquire журналына берген сұхбатында премьер-министр резиденттігін тастап кеткелі қайырымдылыққа 10 мллион фунттан асатын қаражат бөлгенін айта отырып, Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың кеңесшісі болғанынан аздап өкініш білдіретінін айтты», - делінген мақалада.

«Мен онда жұмыс атқарғанымызды қуанышпен айтқым келеді, бірақ, әрине, ол бізді ұратын үлкен таяққа айналды... Мен ақшаға тым үлкен мән беріп кеттік-ау деп ойлаймын», - деп айтқан Т. Блэрдің сөзі келтіріледі.

Бұрынырақ The Telegraph Тони Блэр Қазақстандағы өзінің консультациясы үшін жылына $6,3 млн алғаны туралы жазған болатын.

Жұртшылыққа белгілі болған құжаттарда көрсетілгендей, Т.Блэр Н. Назарбаевқа консультативтік қызмет көрсету ұсынысын алғаш реті 2009 жылы жасап, ал ресми түрде Қазақстан үкіметімен 2011 жылдан бастап жұмыс атқара бастаған. 2014 жылы контракт мерзімі ұзартылған сәтке Т. Блэр командасы жалпы сомасы $6,3 млн (шамамен 5,3 млн евро) болатын қызмет ұсынған екен.

Дереккөз: ҚазТАГ

10 қазан 2016, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.