Атырау, 27 қараша 12:46
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қырғыз парламенті референдум туралы заң жобасын мақұлдады

3 040 просмотра

Қырғызстан парламентінің депутаттары ел конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізу туралы заң жобасын үшінші әрі соңғы оқылымында мақұлдады. Заң жобасын 89 депутат қолдап, 16 депутат қарсы дауыс берді,- деп хабарлады Азаттық.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, билік референдумды 11 желтоқсан - жергілікті кеңестерге сайлау болатын күнге белгілеген.

Оппозицияшыл саясаткерлер, қоғамдық белсенділер мен құқық қорғаушылардың біразы конституцияға өзгеріс енгізуге қарсы. "Референдум - жоқ!" деп аталатын қозғалыс жалпыхалықтық жиын өткізіп, оған қатысқандар конституцияға өзгерістер енгізуге қарсы болғанын мәлімдеді.

Дереккөз: Аzattyq.org

2 қараша 2016, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.