Атырау, 27 желтоқсан 15:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Анкара: Одақтас күштердің келесі нысанасы Ракка қаласы болуы тиіс

2 329 рет қаралды

Фото: aftenposten.noТүркия Ирак «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымның бақылауындағы Мосулды алғаннан кейін, Анкара ИМ күштерін шекарадан ығыстырғаннан соң Сирияның Ракка қаласын ИМ-нен тазарту керек деп мәлімдеді,- Baq.kz сайты centralasian.org-қа сілтеме жасап.

«Түркияның Ракка қаласына басып кірудегі ұстанымы айқын. Тек әскери - стратегиялық тұрғыдан операцияны Мосулдағы соғысты және түрік армиясының “Евфраттық щит" операциясын аяқтаған соң бастаған дұрыс болар еді», — деп мәлімдеді Түркияның премьер-министрінің орынбасары Нуман Куртулмуш.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер өткен аптада ИМ-ның бақылауындағы Ракка қаласын алуды қолдап мәлімдеме жасаған.

17 қазанда Мосулды алуға қарсы басталған шабуылдан бері Ирактың қауіпсіздік күші бірінші рет 31 қазанда Мосулға кірді. Ирактың премьер-министрі Хайдер Абади Мосулдағы содырларды үкімет күшіне өз еріктерімен берілуге шақырды.

Дереккөз: Baq.kz

2 қараша 2016, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.