Фото: AFPИталияның орталық аймағында кеше 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болғаны туралы ұлттық геофизика және вулканология орталығы хабарлаған. Оның эпицентрі бұған дейін қазанның 26-сы күні Норча, Пречи және Кастельсантанджело-суль-Нера қалаларының аралығында жер сілкінісі болған тұста қайталанған,- деп хабарлады Азаттық.
Жер асты дүмпуі Рим, Флоренция, тіпті Италияның солтүстігінде сезілген. Римдегі метроны тексеру үшін жапқан деп хабарлайды АНСА агенттігі қала билігіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісі оның эпицентріне жақын жердегі қалаларға нұқсан келтірген. Қазанның 26-сындағы жер сілкінісінен зардап шеккен қалаларда бұл жолы да ғимараттар бүлінген. Норча қаласында шіркеулер опырылып қалғаны хабарланды. Марке мен Умбрия облыстары шекарасында жер асты дүмпуі болған. Зардап шеккендер туралы мәліметтер әзірше түспеген.
Дереккөз: Аzattyq.org