Атырау, 17 мамыр 06:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Сириялық көтерілісшілер Алеппоның батысына шабуылын күшейтті

1 820 просмотра

Сирияда көтерілісшілер Алеппоның батысындағы үкімет әскері бақылауындағы аудандарға қарай ұрыс салып, жылжып барады. Көтерілісшілердің артиллерия, миналанған көліктер мен танктерді пайдаланып ұрыс жүргізіп жатқанына үш күн болды. Олар қаланың шығыс бөлігіндегі блокаданы бұзып, үкімет әскерін майданның шығыс шебінен ығыстыруға тырысып жатыр,- деп хабарлады Азаттық.

Ал Сирия әскері әуе күштерінің қолдауымен бірер күн бұрын көтерілісшілер басып алған аймақтарды қайтарып алу үшін қарсы шабуылға шықты. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, 30 қазандағы ұрыс салдарынан кем дегенде 41 бейбіт тұрғын қаза тапқан. БҰҰ-ның Сирия бойынша елшісі Стаффан де Мистураның өкілдері оның үкімет әскері бақылауындағы бейбіт халық тұратын аудандарға "оңды-солды атылған зымыран санынан естен танғанын" хабарлады.

"Мақсатымыз - Алеппоның шығыс бөлігін қоршауды әлсірету дейтіндер бейбіт халық тұратын аудандарға қалай болса солай, оңды-солды шабуыл жасау, оның ішінде ауыр қару-жарақты қолданып шабуылдауды еш нәрсемен ақтап алуға болмайтынын және оның әскери қылмыспен тең екенін есте сақтауы тиіс" деді Стаффан де Мистура.

Дереккөз: Аzattyq.org

31 қазан 2016, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.