Атырау, 27 қараша 14:53
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

"Норманд төрттігі" Минскіде Украина дағдарысы бойынша келісе алмады

2 519 просмотра

Минскіде 29 қарашада Украинаның шығысындағы қақтығысты реттеу жөнінде келіссөз өткізген Ресей, Украина, Франция және Германияның сыртқы істер министрлері келісімге келе алмады,- деп хабарлады Азаттық.

Германия сыртқы істер министрі Франк Вальтер Штайнмайердің мәлімдеуінше, кездесу аяқталды, бірақ оған қатысушыларға Донбаста жергілікті сайлау өткізу жөніндегі ортақ келісім жасауға әлі ерте болып тұр. Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин келіссөздің сәтсіз болуын Ресейден көрді. Оның сөзінше, Мәскеу келіссөздің күн тәртібінде тұрған негізгі ұсыныстардың бір де бірімен келіспеген.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров тараптардың келісе алғанын, бірақ "жұмыс жалғасатынын" мәлімдеді. Ол Украина шығысында ЕҚЫҰ басшылық ететін әскери бақылаушылар миссиясын құру ұсынысын қабылдамай тастады. Франция сыртқы істер министрі Жан-Марк Айро "Минск келісімінің барлық шарттары жүзеге асуы тиіс екенін" және тараптардың әлі "көп жұмыс атқаруы" керегін айтты. Ол диалогты күрделі деп атағанымен, келіссөз толық аяқталмағанын жеткізді.

Дереккөз: Аzattyq.org

30 қараша 2016, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.