Өзбекстанның Ресей бастаған Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіру жоспары жоқ деп мәлімдеді Өзбекстан үкіметінің өкілі. Өзбекстан сыртқы экономикалық байланыстар министрінің орынбасары Шавкат Толаганов 29 қарашада Ташкентте журналистерге өзбек сарапшылары ЕАЭО-ға кіру "Өзбекстанға ешқандай артықшылықтар әпермейді, тіпті кейбір тұстарда зиян шектіреді" деген қорытынды жасағанын айтты,- деп хабарлайды Азаттық.
Толаганов 4 желтоқсанда өтетін президент сайлауына кандидаттар сыртқы саясатты "бақилық болған президент Ислам Каримовтың нұсқауы бойынша түзетінін" ендігі мәлімдеп қойғанын айтты. Кремльдің интеграциялық бастамаларын қолдамаған Ислам Каримовтің қайтыс болғаны 2 қыркүйекте хабарланған.
Ресей президенті Владимир Путин Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан да мүше ЕАЭО-ны Мәскеудің бұрынғы Совет одағы аумағындағы ықпалын нығайту үшін және Еуропа одағы мен НАТО-ға қарсы тұруға пайдаланғысы келеді.
Дереккөз: Аzattyq.org