Кубада бұрынғы басшы, марқұм Фидель Кастроға ескерткіштер тұрғызылып, көше аттары берілмейтін болады,- деп хабарлады 24.kz.
Мұндай шешімді Фидельдің бауыры, елдің қазіргі басшысы Рауль Кастро мәлімдеді. Бұл туралы марқұм мәйіті күлінің Гаванадан Сантьяго-де-Кубаға дейінгі сапарының аяқталуына орай өткен қоштасу рәсімінде белгілі болды. Министрлер кеңесі төрағасының айтуынша, бұл революция жетекшісінің өтініші болған. Сондықтан Куба парламентінің келесі мәжілісінде осыған қатысты заң да қабылданбақ. Ал Сантьяго-де-Кубадағы қоштасу рәсіміне бірнеше елдің президенті мен үкімет басшылары қатысты.
Дереккөз: 24.kz