Атырау, 19 мамыр 08:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Янукович Еуромайдан акциясында оқ атуға бұйрық бергенін жоққа шығарды

1 961 просмотра

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович Украинада өтіп жатқан сотта видео байланыс арқылы берген жауабында Еуромайдан акциялары кезінде полицияға демонстранттарға қарсы оқ атуға бұйрық бермегенін мәлімдеді. Украинаның "Беркут" арнайы жасағы сарбаздарының демонстранттарға қарсы оқ ату ісі бойынша сот 28 қарашада Киевте қарала бастаған. Бұл істе куәгер ретінде тартылған Янукович сотқа Ресейдің Ростов облыстық сотынан видеоконференция арқылы жауап берді,- деп хабарлады Азаттық.

Украина бас прокуроры Юрий Луценко сот басталған соң Ресей билігіне Януковичтің мемлекетке сатқындық жасады деген күдікке ілінгені туралы ескерту жолданғанын мәлімдеді. Бұдан соң Луценко Янукович "басқыншылық соғысқа жол ашып", Украинаның егемендігін бұзғанын айтты.

"Мен әуел бастан қантөгіске қарсы тұрдым. Менің ондай бұйрық беруге құзыретім болған жоқ" деді Янукович сотта.

Украиндықтардың көпшілігі бұл іс бойынша Януковичтің өзінің сотқа тартылмағанына наразы.

Янукович әуелде 25 қарашада жауап береді деп жоспарланған еді. Бірақ ұлтшыл "Оңшыл сектор" тобының наразы өкілдері бес сотталушының Киев сотына әкелуіне кедергі жасағандықтан сот кейінге қалдырылған.

"Беркут" жасағының бұрынғы сарбаздары Александр Маринченко, Сергей Тамтур, Олег Янишевский, Павел Аброськин және Сергей Зинченко Киевтің Институтский көшесінде Еуромайдан акциясына қатысқан 48 демонстранттың өліміне қатысы бар деп айыпталып отыр. Бірақ олар өздеріне тағылған айыпты мойындамайды. Бұл іс бойынша "Беркут" жасағының 25 қызметкері мен басшылық құрамы күдікке ілінген.

Украинаның қазіргі билігі 2014 жылы қыста арнайы жасаққа демонстранттарға оқ атуға Виктор Януковичтің өзі бұйрық берген деп біледі. Янукович өзін биліктен кетірпген толқудан соң Ресейге қашып кетіп, сонда тұрып жатыр. 2013 жылдың қарашасында басталып, үш айға созылған толқулар кезінде Киевте 100-ден астам демонстрант құрбан болған.

Дереккөз: Аzattyq.org

29 қараша 2016, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.