Атырау, 27 қараша 14:54
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атамбаев: Ресей әскерилері Қырғызстандағы әскери базадан кетуі тиіс

1 837 просмотра

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ресейлік әскерилер Қырғызстандағы әскери базадан жақын келешекте кетуі тиіс деп мәлімдеді. Бішкекте өткен жыл сайынғы баспасөз конференциясында Атамбаев Қырғызстан ел аумағындағы шетелдік әскери базаларға емес, өзінің қарулы күштеріне ғана сенуі қажетін айтты,- деп хабарлады Азаттық.

Қырғызстан мен Ресей 2012 жылы Ресейдің Бішкек түбіндегі Қант әуе базасын жалға алу мерзімін 2013 жылдан бастап 15 жылға ұзарту туралы келісім жасасқан. Қырғызстанның бұрынғы басшылығы қол қойған ол келісімге сай әуе базасын жалға алу мерзімі бұрынғы мерзімді қоса алғанда 49 жылға ұзартылған.

Атамбаев сонымен бірге 2014 жылы Бішкектің Манас халықаралық әуежайындағы америкалық транзиттік әскери нысанын жабудың "дұрыс шешім болғанын" да мәлімдеді.

Дереккөз: Аzattyq.org

2 желтоқсан 2016, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.