Атырау, 27 қараша 14:48
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей Халықаралық қылмыстық сот туралы келісімнен шықпақ

2 975 просмотра

Ресей әскери қылмыстармен айналысатын Халықаралық қылмыстық сотты құрушы басты құжат - Рим жарғысы келісіміне қойған қолын ресми түрде қайтарып алатынын мәлімдеді. 16 қарашада президент Владимир Путин сыртқы істер министрлігіне (СІМ) бұл шешімі туралы БҰҰ-ны хабардар етуді тапсырды. Ресей Рим жарғысына қол қойғанымен, сол күйі мақұлдамаған еді,- деп хабарлады Азаттық.

Ресей СІМ мәлімдемесінде Халықаралық сотты "бір жақты және тиімсіз" деп атайды. Онда сот "өзіне артылған сенім мен үмітті ақтамады және шын мәнінде тәуелсіз бола алмады" делінген.

14 қарашада Халықаралық соттың бас прокуроры Фату Бенсуа Украинаның шығысындағы әскери жанжал Украина мен Ресей арасындағы қарулы қақтығыс деп танылуы тиіс деп мәлімдеген еді.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Путиннің бұйрығы Фату Бенсуаның сөзімен тікелей байланысты дейді. Ұйымның Ресейдегі өкілдігінің директоры Сергей Никитин "Мұның Ресейдің халықаралық әділдікті қалпына келтіру процесін бұзу әрекеті екенін аңғармау мүмкін емес" деп мәлімдеді. Ол "Ресей Рим жарғысын шынымен мақұлдау ниеті барын ешқашан білдірген емес және оның мәлімдемесі - Халықаралық қылмыстық соттың геноцидті, әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстарды жою мақсатына нұқсан келтіруден және осы қылмыстардың құрбандарын жария түрде қорлаудан басқа ештеңе емес" деді.

Дереккөз: Аzattyq.org

17 қараша 2016, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.