Атырау, 27 қараша 14:41
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Еуропарламент Түркияның ЕО қатарына қабылдануын талқылап жатыр

1 660 просмотра

Еуропарламент депутаттарының басым бөлігі Түркияның Еуроодаққа мүшелікке қабылдау процесін белгісіз уақытқа тоқтатуды талап етті. Олар Түркияда шілдеде іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетінен соң биліктің елдегі жаппай қамау және қудалау әрекетін сынайды,- деп хабарлады Азаттық.

Түркияны Еуроодақ құрамына қабылдау мәселесіне қатысты дауыс беру бүгін, 24 қарашада өтеді.

Кей депутаттар өлім жазасына оралу мәселесін талқылап жатқан Түркияны Еуроодаққа қабылдауға түбегейлі қарсы шыққан. Түркия президенті Реджеп Тайыр Ердоған Еуроодақты сынап, "олар Түркияны Еуроодақ құрамына қабылдау туралы уәделерінде тұрмады" деді.

«Дауыс беру қорытындысы қандай нәтиже берсе де біз үшін маңызы жоқ" деді Ердоған.

Биыл шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін Түркияда 110 мыңнан астам адам жұмыстан қуылған.

Дереккөз: Аzattyq.org

24 қараша 2016, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.