Атырау, 27 қараша 14:44
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ Ресейге Дамаскіге қолдау көрсеткені үшін санкция салуы мүмкін

1 732 просмотра

АҚШ конгресі өкілдер палатасының өкілдері 15 қарашада Сирия билігімен қаржы және басқа да салаларда ынтымақтастық орнатқан мемлекет пен компанияға санкция салатын заң жобасын көпшілік дауыспен мақұлдады,- деп хабарлады Азаттық.

Өкілдер палатасының сыртқы саяси істер комитетінің төрағасы Эд Ройстың (суретте) түсіндіруіне қарағанда, заң жобасының негізгі нысанасы Ресей мен Иран болып отыр. "Біз адамдардың жапа шегіп, тақсірет тартуынан ащы сабақ алдық... Тіпті БҰҰ-ның өзі болып жатқан оқиғаларды тарихи ауқымдағы қылмыс деп мәлімдеді Ройс.

Ұсынылып отырған санкциялар Сирия үкіметін қаржыландырып, Сирияға жолаушы және жүк тасымалдайтын ұшақтар жеткізген, энергетикалық, транспорттық және телекоммуникациялық салаларда ынтымақтастық орнатқан мемлекет пен компанияға қарсы дайындалған. Заң жобасы бойынша, санкция күші Сириядағы қақтығысты саяси жолмен шешу жөніндегі келіссөз табысты аяқталған жағдайда және бейбіт халыққа қарсы қылмыс тоқтаған кезде жойылуы мүмкін.

Таяу уақытқа дейін президент Барак Обама әкімшілігі заң жобасына АҚШ пен Ресейдің арағайындығымен өтіп жатқан Сирия бейбіт келіссөзін үзуі мүмкін деген қауіппен қарсы шыққан. Жаңа санкциялар сонымен қатар Иранның да наразылығын тудырып, Тегеранға ядролық бағдарламасын тежеуге қатысты келісім талаптарын орныдаудан бас тартуына себеп болуы мүмкін.

15 қарашада мемлекеттік департамент Ресей мен Сирия билігінің Сирияда әуе шабуылдарын қайта бастағанын айыптап, соңғы мәліметтер бойынша шабуыл жасалған нысандар арасында бес аурухана мен жылжымалы клиника барын мәлімдеді.

Дереккөз: Аzattyq.org

16 қараша 2016, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.