Литва ресейлік "РТР Планета" телеарнасын бағдарламасында Ресейдің Либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийдің АҚШ-қа қарсы мәлімдемесінен соң эфирден алып тастады. Литва билігі Жириновскийдің мәлімдемесін "соғысқа, жеккөрініштілік пен жаулыққа арандатады" деп санайды. Телеарна жұмысы үш айға тоқтатылды,-деп хабарлады Азаттық.
Мемлекеттік дума депутаты Владимир Жириновский таяудағы репортаждардың бірінде егер АҚШ әскері Ресей шекарасына жақындаса онда "экипажымен бірге өртеніп кететінін" айтқан. Жириновский - осындай даулы мәлімдемелер жасаумен және Кремльдің саясатын қолдауымен аты шыққан саясаткер.
Литва "РТР Планета" телеарнасының жұмысын бірінші рет тоқтатып тұрған жоқ. Бірақ Литвада қазір Ресей пропагандасы мен оның елдегі орыс тілді тұрғындарға ықпалына қатысты алаңдаушылық артып барады. Литва тұрғындарының шамамен алты пайызын орыстар құрайды. Бұл - Балтық бойындағы өзге елдер Латвия және Эстониямен салыстырғанда ең төмен көрсеткіш.
Дереккөз: Аzattyq.org