Атырау, 27 қараша 14:51
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Саркозидің президенттікке кандидатурасы өтпей қалды

2 335 просмотра

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози консерваторлардың 2017 жылы өтетін президент сайлауына кандидат ұсыну үшін ұйымдастырған праймеризінің бірінші раундында жеңіліп қалды. Саркози бұрынғы премьер-министрлер Франсуа Фийона мен Ален Жюппеден қалып қойды,- деп хабарлады Азаттық.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Фийона 44, Жюппе 28, ал Саркози 21 пайыз дауыс алған.

Екінші турға өтпей қалған Саркози "мен электоратты сендіре алмадым. Мен Жюппені сыйлаймын. Бірақ маған Фийонаның саяси көзқарастары жақын" деп мәлімдеді. Фийона Саркози президент болып тұрғанда үкіметті басқарған. Саркози 2007-2012 жылдары Франция президенті болған.

Дереккөз: Аzattyq.org

21 қараша 2016, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.