Атырау, 13 қазан 19:26
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Түркияның Адана қаласында жарылыс болды

1 762 просмотра

Фото: Reuters24 қарашада Түркияның Адана қаласындағы әкімшілік ғимаратының алдында көлік жарылып, кем дегенде екі адам қаза тапқан. 16 адам жарақат алған. Ел билігі жарылыс таңертеңгілік уақытта болғаны туралы мәлімдеме жасады,- деп хабарлады Азаттық.

Адана губернаторы Махмут Демирташ жергілікті Anadolu ақпарат агенттігіне оқиға теракті болуы мүмкін екенін айтқан. Демирташтың сөзінше, жарылысты әкімшілік ғимараты алдында әйел адам жасаған.

Түркияның Еуроодақ ісі бойынша министрі Омер Челик бұл жарылысты "теракт" деп атап, "Түркия терроризммен күресті жалғастыра беретінін" мәлімдеді.

Түркияда шілдеде іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетінен соң төтенше жағдай жарияланған.

Дереккөз: Аzattyq.org

24 қараша 2016, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.