Фото: ReutersҮндістанның Уттар-Прадеш штатында жолаушылар пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетіп, 100 астам адам мерт болып, елуге жуығы жарақаттанған,- деп хабарлады Азаттық.
Үндістан басылымдарының хабарлауынша, апат болған аймақтан 91 адамның денесі табылған. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Ел үкіметі қаза тапқандар саны өсуі мүмкін екенін мәлімдеді. Оқиға 21 қарашада Канпур қаласынан 100 километр жерде түнгі сағат үште болған. Апат себебі әлі анықталған жоқ.
Үндістан темір жол министрі Суреш Прахбу тексеру жұмыстары басталғанын, айыптылар жазаланатынын мәлімдеді. Темір жолдары ескірген бұл елде пойыз апаты жиі болады.
Дереккөз: Аzattyq.org