Фото: ReutersАлматы. 21 қараша. ҚазТАГ – Германия үкіметінің басшысы Ангела Меркель Христиандық-демократиялық және Христиандық-социалдық одақтар блогынан канцлер лауазымына үміткер ретінде қатысады. Бұл туралы ТАСС жазғандай, ол Берлиндегі баспасөз алдында мәлімдеген.
Ол алдымен Эссендегі ХДС съезінде өз кандидатурасын партия төрағасы лауазымына ұсынады, ал бұл, оның түсінігінде оның канцлер лауазымына сайлауға түсу керектігін білдіреді.
Үкімет басшысының айтуынша, мұндай шешім қабылдау оған оңай болмаған, себебі ол бұл қызметке 2005 жылдан бері үш ркт сайланған..
Бұл ретте, ол өзінің жинаған мол тәжірибесі және жаңа идеяларымен бөлісуге дайын екенін атап өткен.
Басқа саяси күштердің үміткерлері туралы әзір белгісіз. Социал-демократтар мүмкін қазіргі вице-премьер Зигмар Габриэлді немесе Еуропарламент басшысы Мартин Шульцті ұсынатын шығар.
Дереккөз: ҚазТАГ