Атырау, 27 қараша 14:37
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Клинтон сайлаудан соң бірінші рет көпшілік алдында сөйледі

2 398 просмотра

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан бұрынғы кандидат Хиллари Клинтон азаматтарды берілмеуге және америка қоғамының құндылықтары үшін күресуге шақырды. Бұл туралы ол президент сайлауынан жеңіліп қалғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шыққанында, Вашингтонда өткен "Балаларды қорғау қорының" жиынында мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

Клинтонның айтуынша, 8 қарашада республикашыл кандидат Дональд Трамптың жеңісімен аяқталған сайлау америкалықтарды қоғамдағы жағдайлар туралы ойлануға мәжбүрледі. Клинтон сайлау нәтижесінен соң қатты күйзелгенін және өзі үшін көпшілік алдына шығу оңай болмағанын айтты.

АҚШ президенті сайлауында Клинтон Трамптан берілген дауыс саны бойынша басым түскенімен, сайлаушылар алқасындағы дауыс саны бойынша жеңілген.

АҚШ-та тікелей дауыс беру жүйесі жоқ. Мемлекет басшысын сайлау үшін сайлаушылар алқасы жасақталады. Олардың әр штаттағы саны штат тұрғындарының санына тура пропорционал болады. Трамп сайлаушылар алқасында қажетті 270 дауыстың орнына 290 дауыс жинады. Ал Клинтон 232 дауыс алды.

Дереккөз: Аzattyq.org

17 қараша 2016, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.