Атырау, 27 қараша 14:41
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Путин Барак Обамамен жұмыс істеу қиын болғанын мойындады

1 717 просмотра

Перу астанасы Лимада өткен АТЭЫ саммитінде Ресей мен АҚШ президенттері аз-маз әңгімелесті. Путин Барак Обамамен өткен үш-төрт минуттық кездесуде жаһандық мәселелер бойынша жеті жылдық бірлескен жұмысты қорытындылағанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Біздің ынтымақтастығымыз оңай болған жоқ, шынтуайтында, бір бірімізбен жұмыс істеу қиынға соққанын мойындадық. Дей тұрғанмен, мен де, президент Обама да бір-біріміздің ұстанымдарымызға, жалпы бір-бірімізге құрметпен қараймыз», - деп атап өтті Путин.

Бұған қоса, Путин Барак Обаманы Ресейде қуана-қуана қарсы алатынын жеткізді.

«Бірлескен жұмыс үшін оған ризашылық білдірдім. Сондай-ақ, егер оның мүмкіндігі немесе ниеті болып жатса, Ресейге қалаған уақытында келе алатынын айттым», - деп толықтырды Владимир Путин.

Путин мен Обаманың әңгімесі шамамен төрт минутқа созылды, деп жазады БАҚ Ақ үйге сілтеме жасап. Қос державаның басшылары Сирия мен Украинадағы ахуал жайында сөз қозғаған.

Дереккөз: Вaq.kz

21 қараша 2016, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.