Атырау, 18 маусым 03:09
 дождьВ Атырау +23.2
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Әлемде

Сириялық көтерілісшілер Алеппоның батысына шабуылын күшейтті Әлемде

Сириялық көтерілісшілер Алеппоның батысына шабуылын күшейтті

Сирияда көтерілісшілер Алеппоның батысындағы үкімет әскері бақылауындағы аудандарға қарай ұрыс салып, жылжып барады. Көтерілісшілердің артиллерия, миналанған көліктер мен танктерді пайдаланып ұрыс жүргізіп жатқанына үш күн болды. Олар қаланың шығыс бөлігіндегі блокаданы бұзып, үкімет әскерін майданның шығыс шебінен ығыстыруға тырысып жатыр,- деп хабарлады Азаттық. 31 қазан 2016, 10:10 2 152 рет қаралды
Сегіз террорист түрмеден қашып кетті Әлемде

Сегіз террорист түрмеден қашып кетті

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатына қарасты Бхопал қаласында сегіз лаңкес түрмеден қашып кетті. Қашқындар елде тыйым салынған «Үндістан студенттерінің ислам қозғалысы» (SIMI) лаңкестік тобының белсенді мүшелері, деп хабарлайды Baq.kz. 31 қазан 2016, 10:07 1 843 рет қаралды
Италиядағы жер сілкінісінен соң Рим метросын тексеру үшін жапқан Әлемде

Италиядағы жер сілкінісінен соң Рим метросын тексеру үшін жапқан

Италияның орталық аймағында кеше 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болғаны туралы ұлттық геофизика және вулканология орталығы хабарлаған. Оның эпицентрі бұған дейін қазанның 26-сы күні Норча, Пречи және Кастельсантанджело-суль-Нера қалаларының аралығында жер сілкінісі болған тұста қайталанған,- деп хабарлады Азаттық. 31 қазан 2016, 09:55 2 031 рет қаралды
Молдовада президент сайлауының алғашқы нәтижесі жарияланды Әлемде

Молдовада президент сайлауының алғашқы нәтижесі жарияланды

Молдовада 30 қазанда өткен президент сайлауының алғашқы нәтижелері бойынша, Социалистік партия өкілі, ресейшіл кандидат Игорь Додон 49,7 пайыз, батысшыл кандидат Майя Санду 37 пайыз дауыс алған. Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына қарағанда, қазірге дейін бюллетеньдердің 93 пайызы саналған,- деп хабарлайды Азаттық. 31 қазан 2016, 09:47 2 634 рет қаралды
БҰҰ Бас ассамблеясы комитеті ядролық қаруды таратпау келіссөзін қолдады Әлемде

БҰҰ Бас ассамблеясы комитеті ядролық қаруды таратпау келіссөзін қолдады

БҰҰ Бас ассамблеясының комитеті әлемдік ядролық державалардың қарсылығына қарамастан ядролық қаруға тыйым салу туралы конвенция бойынша келіссөзді бастау қарарын мақұлдады,- деп хабарлады Азаттық. 28 қазан 2016, 11:35 3 448 рет қаралды
БҰҰ: Сириядағы мектепке шабуылды әскери қылмыс деуге болады Әлемде

БҰҰ: Сириядағы мектепке шабуылды әскери қылмыс деуге болады

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирияның Идлиб провинциясындағы мектепке жасалған әуе шабуылын әскери қылмыс деп атауға болатынын мәлімдеп, шабуылды дереу тергеуге шақырды. Пан Ги Мунның мәлімдемесінде оның 26 қазанда мектепке жасалған шабуылдан 28 адам, оның арасында 22 баланың қаза тапқаны туралы хабардан "жаны түршіккені" айтылады,- деп хабарлады Азаттық. 28 қазан 2016, 10:10 1 853 рет қаралды
БҰҰ: ИМ Мосулда бейбіт тұрғындарды өлтіріп жатыр Әлемде

БҰҰ: ИМ Мосулда бейбіт тұрғындарды өлтіріп жатыр

БҰҰ-ның мәлімдеуінше, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырлары Ирактың Мосул қаласында бейбіт тұрғындарды қырып жатыр. ИМ-нің Ирактағы соңғы тірегі - Мосулға Ирак әскері мен күрдтердің қарулы жасақтары шабуылдап барады,- деп хабарлады Азаттық. 26 қазан 2016, 10:31 1 645 рет қаралды
Германия Стамбулда армян қырғынын еске алу концертін өткізбейтін болды Әлемде

Германия Стамбулда армян қырғынын еске алу концертін өткізбейтін болды

Германия сыртқы істер министрлігі Стамбулдағы герман консулдығында жоспарланған Осман империясы тұсында армяндардың депортацияланып, қырылуын еске алуға арналған концертті өткізбейтін болды. Концертті өткізбеу шешімінен соң Берлинді "Анкараның қысымына шыдамады" деп айыптай бастады,- деп хабарлады Азаттық. 26 қазан 2016, 10:17 2 575 рет қаралды
Пәкістанда полиция академиясына содырлардың жасаған шабуылынан 60-қа жуық адам қаза болды Әлемде

Пәкістанда полиция академиясына содырлардың жасаған шабуылынан 60-қа жуық адам қаза болды

Алматы. 25 қазан. ҚазТАГ – Пәкістанда полиция академиясына содырлардың жасаған шабуылынан 59 адам қаза болып, жүзге жуық адам жараланды, деп хабарлады ресейлік БАҚ-тар. 25 қазан 2016, 16:44 2 432 рет қаралды
Қырғызстанда қазақстандық препаратты сынау кезінде екі адам көз жұмды Әлемде

Қырғызстанда қазақстандық препаратты сынау кезінде екі адам көз жұмды

Қырғызстанда қазақстандық туберкулезге қарсы дәрілік препаратты клиникада сынақтан өткізу салдарынан екі адам көз жұмды деп хабарлады Азаттық Қырғызстанның бас прокуратурасына сілтеме жасап. 25 қазан 2016, 15:36 2 780 рет қаралды
Норвегия Ресеймен шекараға таяу АҚШ әскері орналастырмақ Әлемде

Норвегия Ресеймен шекараға таяу АҚШ әскері орналастырмақ

Норвегия үкіметі елде АҚШ-тың 300-ден астам сарбазын орналастыруға рұқсат еткенін мәлімдеді. Әскери-теңіз күштерінің 330 сарбазы Ресеймен шекарадан 1 мың километр қашықтықтағы Ваернес әскери базасына орналастырылады,- деп хабарлады Азаттық. 25 қазан 2016, 11:00 2 579 рет қаралды
Тегеранда Каспийдің мәртебесін талқылап жатыр Әлемде

Тегеранда Каспийдің мәртебесін талқылап жатыр

Иран астанасы Тегеранда Каспий маңы елдері сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары мен арнайы өкілдері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын талқылап жатыр деп хабарлады Азаттық. 24 қазан 2016, 15:47 2 381 рет қаралды
Литва оппозициясы сайлауда жеңіске жеткенін жариялады Әлемде

Литва оппозициясы сайлауда жеңіске жеткенін жариялады

Литвадағы парламент сайлауында оппозицияшыл "Шаруалар мен жасылдар одағы" партиясы 23 қазанда өткен дауыс берудің екінші кезеңінде жеңіске жеткенін жариялады,- деп хабарлады Азаттық. Берілген дауыстың барлығына жуығы саналғандағы мәліметтер бойынша, партия парламенттегі 141 орынның 54-ін иеленген. "Шаруалар мен жасылдар одағы" партиясы бұл нәтиже арқылы парламентте ірі фракция құра алады. Оппозицияшыл консервативтік "Отан одағы" партиясы 31 орынды, қызметінен кететін премьер-министр Альгирдас Буткявичюстің Социал-демократиялық партиясы 17 орынды иеленген. Сонымен қатар парламентке тағы үш шағын партия өтті. 24 қазан 2016, 11:42 1 986 рет қаралды
Алеппода "гуманитарлық бітім" аяқталған соң ұрыс қайта жалғасты Әлемде

Алеппода "гуманитарлық бітім" аяқталған соң ұрыс қайта жалғасты

Сирияның Алеппо қаласында Дамаск мен оның одақтасы Ресей жариялаған 72 сағаттық "гуманитарлық бітім" аяқталған соң ұрыс қайта жалғасты. Syrian Observatory for Human Rights ұйымы 23 қазанда Алеппоның көтерілісшілер бақылауындағы шығыс аудандары әуеден және артиллериядан атқыланғанын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 24 қазан 2016, 10:27 1 830 рет қаралды
ЕО Асадты қолдайтындарға санкция салуды ойластырып жатыр Әлемде

ЕО Асадты қолдайтындарға санкция салуды ойластырып жатыр

Еуропа Одағы (ЕО) егер Сирия президенті Башар Асадты қолдайтындарға олар Сириядағы қырғынды тоқтатпаса санкция салуды ойластырып жатыр. Бұл туралы 20 қазан күні кештеу Брюссельде өтетін ЕО елдері жетекшілерінің саммиті қарсаңында Азаттыққа белгілі болған кездесу туралы мәлімдеме жобасында айтылады,- Деп хабарлады Азаттық. 21 қазан 2016, 10:30 1 671 рет қаралды
Прагада ұсталған "ресейлік хакердің" аты-жөні анықталды Әлемде

Прагада ұсталған "ресейлік хакердің" аты-жөні анықталды

Прагада АҚШ-тағы компьютерлік желілерге хакерлік шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған Ресей азаматы - 29 жастағы Евгений Никулин екені белгілі болды. "Настоящее время" телеарнасы Никулиннің Instagram-дағы аккаунты арқылы оның 5 қазанда тұтқындалғаннан бірер апта бұрын Беларусь пен Польша арқылы Чехияға жеткенін анықтады,- деп хабарлады Азаттық. 21 қазан 2016, 10:24 2 028 рет қаралды
Ұлыбритания Солтүстік теңіздегі Ресей әскери кемелерінің қозғалысын бақылайды Әлемде

Ұлыбритания Солтүстік теңіздегі Ресей әскери кемелерінің қозғалысын бақылайды

Ұлыбритания Солтүстік теңізде кетіп бара жатқан Ресейдің авианосеці мен өзге бірнеше кемені бақылауға екі әскери кемесін жөнелтті,- деп хабарлады Азаттық. 20 қазан 2016, 16:43 2 554 рет қаралды
Киев пен Мәскеу бейбіт келісімді орындаудың жаңа жоспарын жасамақ Әлемде

Киев пен Мәскеу бейбіт келісімді орындаудың жаңа жоспарын жасамақ

Украина, Ресей, Германия және Франция басшылары келесі айдың соңына дейін Украина шығысында "Минск бейбіт келісімін іске асыру жөніндегі жаңа жол картасын" дайындауға келісті,- деп хабарлады Азаттық. Берлинде өткен Украина мен Сирия мәселелеріне арналған алты сағаттық келіссөзден соң Германия канцлері Ангела Меркель кездесуде "ғажайыпқа қол жетпегенімен", жаңа бітім жоспары барлық тараптың 2015 жылғы Минск келіссөзін орындауына мүмкіндік беретінін мәлімдеді. 20 қазан 2016, 11:49 2 679 рет қаралды
Меркель Ресейге Сириядағы әрекеті үшін санкция салуды жоққа шығармады Әлемде

Меркель Ресейге Сириядағы әрекеті үшін санкция салуды жоққа шығармады

Германия канцлері Ангела Меркель Ресейге Сириядағы іс-қимылына қатысты санкция салу жайы Еуропа Одағының таңдауында қалуы тиіс деп мәлімдеді. Меркель өзі және Франция президенті Франсуа Олланд бүгін Берлинде Украинадағы дағдарысқа қатысты өтетін кездесуде Ресей президенті Владимир Путинмен Сириядағы жағдайды талқылайтынын айтты. Бірақ ол бұл кездесуден "ғажайып нәрсе" күту керек емесін білдірді,- деп хабарлады Азаттық. 19 қазан 2016, 10:56 2 283 рет қаралды
Ресей Алеппоны бомбалау уақытша тоқтағанын мәлімдеді Әлемде

Ресей Алеппоны бомбалау уақытша тоқтағанын мәлімдеді

Мәскеу Ресей мен Сирия әуе күштері Алеппоны бомбалауын уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу бүгін бейбіт тұрғындар мен содырлардың қаладан шығып кетуіне мүмкіндік беру үшін бомбалау жергілікті уақыт бойынша сағат 10-да тоқтатылғанын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 18 қазан 2016, 15:35 2 321 рет қаралды