Ресей Федерациясының қорғаныс миинстрлігі мен Түркия Республикасы Қарулы күштерінің Бас штабы Сирия Араб Республикасындағы қақтығыстарды болдырмау және операциялар барысында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайлы меморандумге қол қойды. Бұл туралы Мәскеудегі «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Ресей Қорғаныс миинстрлігі сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Меморандумға қол қою екі елдің қорғаныс мекемелерінің делегациялары арасындағы Сириядағы ДАИШ-ке қарсы күрестегі ресей-түрік өзара әрекеттестігі мәселелеріне арналған консультация барысында өтті.
Меморандум арқылы Ресей әуе-ғарыш күштері мен Түркия әскери-әуе күштері авиациясының лаңкестердің нысанына соққы берудегі үйлестіру механизмдері, сондай-ақ Сирияның әуе аумағында ұшақтар мен қашықтан басқарылатын ұшу аппараттарын табудағы қақтығыстарды болдырмау бойынша тараптардың іс-әрекет тәртібі анықталды.
Дереккөз: Іnform.kz