Turkish Airlines әуе компаниясының ұшағы Бішкектегі Манас әуежайының маңында құлап, мерт болғандар саны 30 адамға жетті, - деп хабарлайды РИа Новости-ге сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Оқиға орнында құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.
Оқиға орнына елдің премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков және денсаулық сақтау министрі Талантбек Батыралиев келген.
Елдің денсаулық сақтау министрлігі өкілінің сөзінше, қазіргі кезде қайтыс болғандардың нақты саны белгісіз, анықталып жатыр. Жергілікті тұрғындар мен ұшақ экипажын алғанда кемінде 30 адам қаза тапқан.
24kg порталының нақтылауы бойынша, "Манас" әуежай маңындағы ұшақ апатынан төрт ұшқышты қосқанда 32 адам мерт болған. Тағы сегіз адам, арасында балалар да бар зардап шгіп, ауруханаға жеткізілді. Барлығының жарақаты ауыр және қатты күйік шалған. "Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат мұнымен нақтыланған жоқ", - дейді елдің Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Еске салсақ, Бішкекте апатқа ұшыраған Boeing 747 жүк тасымалдайтын ұшағы тұрғын үйлердің үстіне құлаған.
"Гонконгтан келе жатқан түркиялық компанияның жүк тасымалдаушы ұшағы Қырғызстан астанасындағы "Манас" әуежайында ауа райының қолайсыздығынан апатқа ұшырады. Ұшақ құлаған жерде орналасқан екі үй өртеніп жатыр", - деп хабарлады Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің дағдарыс жағдайында басқару орталығының басшысы Мухаммед Сваров. Ал кейін ол экипаждың үш мүшесі қаза тапқанын растады.
Дереккөз: Tengrinews.kz