Атырау, 27 қараша 19:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ФИФА әлем чемпионатына қатысушылар санын 48 командаға дейін ұлғайтты

1 933 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясының кеңесі 2026 жылғы турнирден бастап әлем чемпионатына қатысушылар санын 32 командадан 48-ге ұлғайту шешімін қабылдады, деп хабарлады Би-би-си.

ФИФА ресми твиттерінде хабарлағандай, турнир қатысушылары 16 топқа бөлінеді, олардың әрқайсысы үш командадан тұрады. Әлем чемпионаты аясында матчтар саны 64-тен 80-ге дейін көбейеді, турнирдің ұзақтығы 32 күнді құрайды. ФИФА есебі бойынша бұл әр турнир өткізуден түсімді 20 пайызға ұлғайтып, чемпионаттың кірісін арттыруға ықпал етеді.

ФИФА басшысы Джанни Инфантино чемпионатта команда санын кеңейту жоспары туралы өткен жылы күзде айтқан болатын. «Бұл командаға ауыртпалық әкелмейді. Клубтар үшін де кедергісі жоқ. Өйткені күнтізбеде белгіленбейді, футболдың дамуына жәрдемдеседі. Сондықтан тағы бірнеше құрама әлем біріншілігінің финалдық бөліміне қатысатын болады», - деп атап өтті Инфантино.

Қолданыстағы қағидаға сәйкес әлем чемпионатына құрлықтық іріктеу турнирлерінде сәтті өнер көрсеткен 32 ұлттық құрама қатысады. Турнирдің финалдық сатысында барлық қатысушылар әрқайсысы төрт-төрт командадан сегіз топқа бөлінеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 қаңтар 2017, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.