Атырау, 8 қазан 15:39
 дождьВ Атырау +23.2
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Махамбет мазарындағы киіз үйді жөндеу қолға алынды

51 рет қаралды

Бұрынғы сенатор Сәрсенбай Еңсегенов Индер ауданының Қараой мекеніндегі киіз үйдің мүшкіл жағдайына тағы да жауаптылардың назар аудартты. Ол осыдан үш жыл бұрын жергілікті билікке бұл мәселе туралы хабарлаған, алайда содан бері ештеңе өзгерген жоқ.

Тозығы жеткен бұл құрылыс көрнекті ақын Махамбет Өтемісұлының жерленген орнының жанында орналасқан. Кезінде келушілердің тынығуына арналған орынның күйі кетіп қалған. 

«Бұдан үш жыл барғанымда киіз үйдің келбетін көріп шошып, жергілікті әкімдікке ескерткенмін. Жуырда барғанымда сол күйі, киіз үйдің алба-жұлбасы шығып, қараусыз қалған. Сыры кетіп, сәні кеткен киіз үйді жаңартпаса елдігімізге сын екенін неге ескермеген, ел-жері үшін опат болған ақынымызға деген құрмет пе?» дейді Сәрсенбай Еңсегенов. 

Осы сыннан кейін ескі киіз үйдің орнына ұлттық нақыштағы жаңасын салуды қолға алған. Жоба бойынша Махамбет мазарына зиярат етіп келуішілер үшін  тынығып отыруына мүмкіндік жасалмақ. Нысанның айналасын қоршау, оны көркейту де жобада бар. 

Бұл істі атыраулық "NJ GROUP" компаниясы қолға алып, жұмысты бастап кеткен. Компания құрылыс жұмысын қараша айының ортасында аяқтамақшы. 

Жаңа киіз үй бұрынғыдай қараусыз қалмай, оны жақсы күйде ұстап тұру үшін енді жыл сайын өтініш білдірудің қажеті болмайды деп үміттенеміз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет С. Еңгсегеновтың парақшасынан алынды

Бүгін, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.