Атырау, 25 қыркүйек 00:22
 дождьВ Атырау +22.4
$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

Афиныда ресейлік дипломат өлі күйде табылды

1 765 рет қаралды

Фото: © Flickr/ MrSco

Афиныда Ресейдің Грекиядағы елшілігі консулдық бөлімінің басшысы Андрей Маланин өлі күйінде табылды. Reuters агенттігінің грек полициясына сілтеме жасап хабарлауынша, дипломаттың мәйіті өзінің пәтерінде табылды,- деп хабарлады Азаттық.

Дипломат, 54 жастағы Андрей Маланин пәтерінің жатын бөлмесінде еденде жатқан жерінде табылған. Пәтердің есік-терезесінде ешқандай бұзып кіру белгілері байқалмайды.

Полиция өкілі "Сырт көзге ол өз ажалымен өлген сияқты көрінеді" деп, ресейлік дипломаттың қазасы тергелетінін айтты.

Дереккөз: Азаттық

10 қаңтар 2017, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.