Атырау, 27 қараша 19:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атышулы оқиға: Қолында баласы бар босқынды шалып құлатқан венгр журналисі сотталды

Бейнежазба
1 889 просмотра

Сириялық босқынды шалып құлатқан венгр журналисі Петра Ласло сотталды, - деп хабарлайды Fox News. Оқиғаның видеосы Желіде тарап кетіп, қоғам тілшінің әрекетін сөккен еді.

Оқиға 2015 жылдың күзінде Сербияның шекарасында болған. Бірнеше оператор жүгіріп өтіп жатқан босқындарды түсіріп жатқан. Осы сәтте Петра Ласлоның қолында баласы бар ер адамды құлатқаны видеоға түсіп қалған. Желі қолданушылары журналистің бұл әрекет арқылы видеоны қызықты еткісі келгенін атап өткен болатын. Алайда ол жұмысынан шығарылып, ісі сотқа жолданған еді.

Сот отырысында Ласлоның адвокаттары әйелдің бұл іс арқылы өзін қорғағысы келгенін айтып, ақтап жатты. Ал журналистің өзі жаппай жүгіріп келе жатқан босқындардан шошып қалғанын айтқан. Ол шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, видеода қолында баласы бар ер адам - Усама Мохсен. Осы оқиғадан кейін ер адамға Испанияның футбол мектептерінің бірінен жұмыс ұсынылды.

Дереккөз: Тengrinews.kz

13 қаңтар 2017, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.