Израиль әскерилері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Фара босқындар лагеріне жасаған рейді кезінде палестиналық ер адамды атып тастады,- деп хабарлады Азаттық.
Израиль билігінің 10 қаңтарда хабарлауынша, бүгін таңертең ертемен жасалған рейд кезінде "пышақ ұстаған палестиналық израиль сарбаздарына жақындап баруға тырысқан және қозғалмай тұру туралы бұйрықты орындамаған".
Оққа ұшқан адам 32 жастағы Мохаммед әл-Салхи делінеді және поолиция оны өз тұрақжайында атқан.
Палестиналық ақпарат құралдарының хабарлауына қарағанда, полиция Салхиді мойны мен көкірек тұсынан бес рет атқан. Рейд кезінде үш палестиналық ұсталған.
8 қаңтарда Иерусалимнің орталығындағы Ескі қала ауданында жүк көлігін мінген бір адам көшедегі жүргіншілерді таптап өткен. Шабуылдан төрт адам қаза тауып, 15 адам жараланған. Полиция жүк көлігін жүргізген адамды оқиға орнында атып тастаған. Полиция оқиғаны теракт деп бағалайды.
Дереккөз: Азаттық