Атырау, 18 маусым 01:42
 дождьВ Атырау +25.9
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Әлемде

Литва "РТР Планета" телеарнасының қызметі тоқтатты Әлемде

Литва "РТР Планета" телеарнасының қызметі тоқтатты

Литва ресейлік "РТР Планета" телеарнасын бағдарламасында Ресейдің Либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийдің АҚШ-қа қарсы мәлімдемесінен соң эфирден алып тастады. Литва билігі Жириновскийдің мәлімдемесін "соғысқа, жеккөрініштілік пен жаулыққа арандатады" деп санайды. Телеарна жұмысы үш айға тоқтатылды,-деп хабарлады Азаттық. 18 қараша 2016, 10:46 1 641 рет қаралды
Клинтон сайлаудан соң бірінші рет көпшілік алдында сөйледі Әлемде

Клинтон сайлаудан соң бірінші рет көпшілік алдында сөйледі

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан бұрынғы кандидат Хиллари Клинтон азаматтарды берілмеуге және америка қоғамының құндылықтары үшін күресуге шақырды. Бұл туралы ол президент сайлауынан жеңіліп қалғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шыққанында, Вашингтонда өткен "Балаларды қорғау қорының" жиынында мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 17 қараша 2016, 14:27 2 697 рет қаралды
Ресей Халықаралық қылмыстық сот туралы келісімнен шықпақ Әлемде

Ресей Халықаралық қылмыстық сот туралы келісімнен шықпақ

Ресей әскери қылмыстармен айналысатын Халықаралық қылмыстық сотты құрушы басты құжат - Рим жарғысы келісіміне қойған қолын ресми түрде қайтарып алатынын мәлімдеді. 16 қарашада президент Владимир Путин сыртқы істер министрлігіне (СІМ) бұл шешімі туралы БҰҰ-ны хабардар етуді тапсырды. Ресей Рим жарғысына қол қойғанымен, сол күйі мақұлдамаған еді,- деп хабарлады Азаттық. 17 қараша 2016, 12:24 3 146 рет қаралды
Порошенко Трампты "Ресей агрессиясына қарсы күресте" қолдауға шақырды Әлемде

Порошенко Трампты "Ресей агрессиясына қарсы күресте" қолдауға шақырды

Украина президенті Петр Порошенко 15 қарашада АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамппен телефонмен сөйлесіп, Вашингтонды "Ресей агрессиясына қарсы күресте қолдау көрсетуге" шақырды. Президент сайтындағы ақпаратта Порошенконың ынтымақтастықты күшейту үшін Трамп әкімшілігімен жұмыс істесуге дайын екені хабарланған. Онда саясаткерлер кездесу өткізуге келіскені және Порошенконың 2017 жылдың басында Вашингтонға сапарына дайындық жүріп жатқаны айтылады,- деп хабарлады Азаттық. 16 қараша 2016, 11:20 2 161 рет қаралды
АҚШ Ресейге Дамаскіге қолдау көрсеткені үшін санкция салуы мүмкін Әлемде

АҚШ Ресейге Дамаскіге қолдау көрсеткені үшін санкция салуы мүмкін

АҚШ конгресі өкілдер палатасының өкілдері 15 қарашада Сирия билігімен қаржы және басқа да салаларда ынтымақтастық орнатқан мемлекет пен компанияға санкция салатын заң жобасын көпшілік дауыспен мақұлдады,- деп хабарлады Азаттық. 16 қараша 2016, 11:16 1 903 рет қаралды
Гаага сотының прокурорлары: АҚШ Ауғанстанда тұтқындарды азаптаған Әлемде

Гаага сотының прокурорлары: АҚШ Ауғанстанда тұтқындарды азаптаған

Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот прокурорлары АҚШ-тың Ауғанстанда түрмеге түскен тұтқындарды азаптап, "әскери қылмыс" жасағанына жеткілікті айғақ барын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 15 қараша 2016, 12:17 2 166 рет қаралды
Экс-президент қой бағып жүр Әлемде

Экс-президент қой бағып жүр

Бұл күлетін нәрсе емес, қарапайымдылық. Иранның бұрынғы президенті шын мәнінде қазір қой бағып жүр. Президент болардың алдында ол жұмысына автобуспен қатынады. Әйелі бір медреседе еден жуушы болып жұмыс істеді,- деп хабарлады Аikyn.kz. 15 қараша 2016, 12:03 2 382 рет қаралды
Путин мен Трамп телефонмен сөйлесті Әлемде

Путин мен Трамп телефонмен сөйлесті

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесіп, екі ел арасындағы күрделі қарым-қатынасты талқылады. Трамп өкілдері таратқан мәлімдемеде Путиннің оны президент болып сайлануымен құттықтағаны айтылады. Мәлімдемеде Трамп "Ресеймен берік және ұзақ мерзімді байланыс орнатудың мүмкіндіктерін тағатсыздана күтіп отыр" делінген. Трамп пен Путин "АҚШ пен Ресей алдында тұрған бірқатар проблеманы, стратегиялық экономикалық мәселелерді" талқылаған,- деп хабарлады Азаттық. 15 қараша 2016, 10:13 2 884 рет қаралды
Ресейде шенеуніктер балаларының шетелде оқуына тыйым салатын заң даярланды Әлемде

Ресейде шенеуніктер балаларының шетелде оқуына тыйым салатын заң даярланды

Ресей мемлекеттік думасына шенеуніктердің кәмелетке толмаған балаларын шетелде оқытуына тыйым салатын заң жобасы түсті. Құжатты Коммунистік партия депутаты Валерий Рашкин даярлаған,- деп хабарлайды Азаттық. 14 қараша 2016, 16:21 1 982 рет қаралды
«Түрік ағыны» жобасына жол ашылды Әлемде

«Түрік ағыны» жобасына жол ашылды

Ресей мен Түркияның бұрынғы бейбіт байланысы қалпына келе бастағалы бері, екі ел арасындағы алыс-беріс пен сауда-саттыққа жол ашылып, тұралап қалған халықаралық жобалар қайта қолға алынуда,- деп хабарлады Нalyknews.kz 14 қараша 2016, 11:38 2 837 рет қаралды
Экзитполдар Болгариядағы президент сайлауында Румен Радевтың жеңгенін көрсетті Әлемде

Экзитполдар Болгариядағы президент сайлауында Румен Радевтың жеңгенін көрсетті

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ – Экзитполдар ақпары Болгариядағы президент сайлауында Ресеймен қарым-қатынастың жақсаруын жақтайтындардың бірі ретінде өзін көрсеткен Румен Радевтің жеңгенін мәлімдеді, деп хабарлады РБК. 14 қараша 2016, 10:56 1 451 рет қаралды
Трамп президент әкімшілігінің болашақ жетекшісін атады Әлемде

Трамп президент әкімшілігінің болашақ жетекшісін атады

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп президент әкімшілігін Республикашыл партияның ұлттық комитетінің төрағасы Райнс Прибус басқаратынын мәлімдеді. Республикашыл партия басшылығына жаққан Прибус сайлауалды кампаниясы кезінде Трамптың серігі болған,- деп хабарлады Азаттық. 14 қараша 2016, 10:39 1 832 рет қаралды
"200 фильм мен соншама сынған сүйектен кейін" Джеки Чан "Оскар" сыйлығын алды Әлемде

"200 фильм мен соншама сынған сүйектен кейін" Джеки Чан "Оскар" сыйлығын алды

Әлемге танымал актер әрі режиссер Джеки Чан кинематографияға қосқан зор үлесі үшін "Оскар" сыйлығын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Америкалық кинематография өнері мен ғылымы академиясының Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 14 қараша 2016, 09:31 2 625 рет қаралды
Молдова президенті сайлауында ресейшіл кандидат жеңуге шақ тұр Әлемде

Молдова президенті сайлауында ресейшіл кандидат жеңуге шақ тұр

Молдовадағы президент сайлауының 13 қарашада өткен екінші кезеңінде ресейшіл кандидат Игорь Додон еуропашыл кандидат Майя Сандудан басым түсіп, жеңіске жеткенін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 14 қараша 2016, 09:24 2 297 рет қаралды
АҚШ "Нусра майданы" жетекшілеріне санкция салды Әлемде

АҚШ "Нусра майданы" жетекшілеріне санкция салды

АҚШ қаржы министрлігі 10 қарашада "Әл-Қаиданың" Сириядағы қанаты - Нусра майданы" тобының төрт жетекшісіне санкция салды. Бұл топ АҚШ пен Ресей арасында диспутқа айналған. Ресейдің ұйғарымынша, Вашингтон бұл топ содырларына олар АҚШ қолдайтын көтерілісшілермен бір бағытта Сирия билігіне қарсы соғысып жатқандықтан "тиіспейді",- деп хабарлады Азаттық. 11 қараша 2016, 12:30 3 309 рет қаралды
Германияның қорғаныс министрі Трампты Ресейге қатысты қатаң шаралар қолдануға шақырды Әлемде

Германияның қорғаныс министрі Трампты Ресейге қатысты қатаң шаралар қолдануға шақырды

Германияның қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен АҚШ-та президент сайлауында жеңске жеткен Дональд Трампты НАТО-ның Ресейге қатысты қатаңдық қағидаттарынан таймауға шықырды. Бұл сөздерді ол 10 қараша күні, ZDF арнасының эфирінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Lenta.ru-ға сілтеме жасап. 11 қараша 2016, 10:32 2 057 рет қаралды
Обама мен Трамп Ақ үйде кездесті Әлемде

Обама мен Трамп Ақ үйде кездесті

АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде өзінің орнын алмастыратын Дональд Трампты қабылдады. Кездесуден соң Обама елдің ішкі және сыртқы саясатына қатысты "бірқатар мәселелер" талқыланғанын мәлімдеді. Ол екеуара "тамаша әңгіме-сұхбат" болғанын айтып, жаңа қиындықтар кезінде "бірігудің" маңызды екенін білдірді,- деп хабарлайды Азаттық. 11 қараша 2016, 10:05 1 790 рет қаралды
Мәскеу Қырымда "украин диверсанттары" ұсталғанын хабарлады Әлемде

Мәскеу Қырымда "украин диверсанттары" ұсталғанын хабарлады

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) Украинадан аннексиялап алған Қырымда украиндық "диверсилық топтың" күдікті үш мүшесін ұстағанын айтты,- деп хабарлады Азаттық. 10 қараша 2016, 16:11 1 924 рет қаралды
Клинтон: АҚШ мүддесі үшін Трамппен жұмыс істесуге дайынмын Әлемде

Клинтон: АҚШ мүддесі үшін Трамппен жұмыс істесуге дайынмын

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан кандидат болған Хиллари Клинтон сайлауда жеңіліп қалғанына өкініш білдіріп, елдің жаңа басшысы, республикашыл Дональд Трамппен елдің мүддесі үшін ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін білдірді,- деп хабарлады Азаттық. 10 қараша 2016, 11:42 2 398 рет қаралды
Дональд Трамп - АҚШ президенті сайлауының жеңімпазы Әлемде

Дональд Трамп - АҚШ президенті сайлауының жеңімпазы

АҚШ президенті сайлауында соңғы мәліметтер бойынша, республикашыл кандидат Дональд Трамп жеңіске жетті. Енді ол АҚШ-тың 45-президенті атанбақ. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Трамп сайлаушылар алқасында 276 дауыс жинады. Президент болып сайлану кандидат үшін сайлаушылар алқасындағы 540 дауыстың кем дегенде 270-ін жинауы тиіс. Оның қарсыласы, демократ Хиллари Клинтон 218 дауыс жинады,- деп хабарлады Азаттық. 9 қараша 2016, 13:58 2 726 рет қаралды
АҚШ: Республикашыл партия конгрестегі басымдығын сақтап қалды Әлемде

АҚШ: Республикашыл партия конгрестегі басымдығын сақтап қалды

АҚШ-та президент сайлауымен қатар өтіп жатқан конгрес сайлауында Демократиялық партия сенатта босаған 34 орынның біреуін ғана иеленді. Демократтардың 100 орындық сенатқа бақылау үміті төмендеп барады. Сайлаушылардың көпшілігі республикашылдарға дауыс беріп жатыр,- деп хабарлады Азаттық. 9 қараша 2016, 11:52 1 749 рет қаралды
Дональд Трамп экзит-пол нәтижесі бойынша президенттік сайлауда алда келеді Әлемде

Дональд Трамп экзит-пол нәтижесі бойынша президенттік сайлауда алда келеді

АҚШ-тан жеткен ақпаратқа сәйкес, Республикалық партия өкілі Дональд Трамп экзит-пол нәтижесі бойынша АҚШ президентін сайлауда алға суырылып шықты,- деп хабарлады 24.kz. 9 қараша 2016, 11:28 2 284 рет қаралды